«Алтын белгі»иегерлері

Міне, 2023-2024 оқу жылы да аяқталды. Биылғы жыл мектебіміз үшін «жемісті» жыл болды. 9-сыныптың бес түлегі негізгі орта білімі туралы үздік аттестат алды: Кузайбина Гиллиана, Думина Елизавета, Жаналина Аружан, Урузбаева Аруна и Хакимова Азалия.

11-сыныптың төрт түлегі ерекше аттестатқа ие болды. Абдрахманова Алина мен Щедрина Светлана жалпы орта білім туралы үздік аттестат алды. Біздің «жұлдыздарымыз» Науменко Ангелина мен Назарец Иван жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатына ие болды.

«Алтын белгі» туралы ережеге сәйкес негізгі орта білім туралы үздік аттестат алған, негізгі, жалпы орта білім берудің оқу бағдарламаларына сәйкес 5-11 сыныптар аралығында барлық пәндер бойынша жылдық және қорытынды баға «5», 10-11 сыныптар аралығында барлық пәндер бойынша тоқсандық бағалары «5», жалпы орта білімді аяқтау кезінде қорытынды аттестацияны «5» тапсырған оқушыларға беріледі.

 Барлық түлектерге батылдық, армандарына нық сенуді және ол үшін аяғына дейін күресуді тілейміз! Барлық бастамаларыңызға сәттілік,  жақындарыңыздан қолдау, алға қойған кез келген мақсатыңызға қол жеткізіңіз!

Рейтингі
Достарыңызбен бөлісіңіз
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Қостанай ауданы білім бөлімі Тобыл қаласының №1 жалпы білім беретін мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі КММ